Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2020

1092

ШҚО: Ұлы Абайға арналған интеллектуалдық квест

Өскеменнің Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған зияткерлік квест-ойынын ұйымдастырды. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар штабының жастары қатысты.

Олар 5 топқа бөлініп, логикалық тапсырмаларды орындады. Ребустарды шешіп, ақынға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Тіпті, ақын шығармашылығынан туындыларды орындап, өнер көрсетті. Сұрақтар арқылы қала көшелерінде жасырылған орындарды тапты.


«Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан берілген қызықты тапсырмалар арқылы өзіме тың ақпараттар жинадым. Креативті адамдармен танысып, жаңа достар пайда болды. Осындай іс-шараның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын» – деп Алина Наурызбаева өз әсерімен бөлісті.

Қала бойынша жастар Абайға қатысты орындарға: «Жамбыл саябағына», «Абай ескерткішіне», «А. Пушкин атындағы кітапханаға», көпқабатты үйге салынған Абай суретіне, Абай даңғылы мен Михаэлиса көшесінің қиылысына барды. Жасырылынған орындарды тауып, сұрақтардан сүрінбей, алғашқы болып Достық үйіне жеткен топ жеңімпаз атанды.

«Біз керемет эмоцияға толы шараға қатыстық. Уақытымызды көңілді, әрі пайдамен өткіздік. Осындай танымдық іс-шара арқылы қаламыздың тарихын, Абай Құнанбайұлына қатысты деректер, ұлы тұлғалар туралы мол мәліметтер алдық. Топта жұмыла жұмыс істеп, жеңімпаз атанғанымызға қуаныштымыз», – дейді жеңімпаз команданың мүшелері.


Кейін қарай