Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2021

1425

Үшаралда «Қазақ еліне мың алғыс!» атты кездесу ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақ еліне мың алғыс!» атты кездесу өтті.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімі, қоғамдық келісім кеңесі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, білім беру ұйымдары, жастар ресурстық орталығы, ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктердін мүшелері қатысты.

Кездесуде аудандық орталық кітапхана мамандары шағын кітап көрмесін өткізіп, келген қонақтарға қызықты ақпараттар ұсынды.
Сонымен қатар, аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары келген қонақтарға шағын концерт ұйымдастырды.

Кездесуден кейін «Мың алғыс» акциясы өтті.


Кейін қарай