Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Мамыр, 2019

2952

Шымкент қаласының ҚХА мен білім басқармасы жастарға арналған сегіз жобаны жүзеге асырмақ

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Шымкентте «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қалалық штабының кеңейтілген мәжілісі өтті.

Іс-шараға қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева және қаладағы 29 колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасаралары, «Достық» клубтары мен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының жетекшілері қатысты. 

Шымкенттегі білім ұяларында жүзге жуық түрлі этнос жастарының білім алып жатқанын айтқан қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Текебаева олардың өзара достығын нығайту бағытында «Достық клубтары» мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын жандандыру қажеттігіне тоқталды.

Бұл бағытта ҚХА мен білім басқармасы арасында бірлескен жұмыс жоспары жасалып, «ҮOUTH FORUM», «Жастар шақырады», «Берекелі шаңырақ», «Дружба без границ», «Мақсатқа жет», «Мейірімді жастар»,«Елтану», «Aibyn» сынды сегіз жоба жүзеге асырылмақ.

Кейін қарай