Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Желтоқсан, 2019

1284

Өскеменде болашақ БАҚ қызметкерлері ҚХА-ның Журналистер клубына қабылданды

Өскемендегі «Достық үйі – Қоғамдық келісім» орталығында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және журналистика мамандығының студенттерімен дөңгелек үстел өтті.


Іс-шара барысында Андрей Кратенко «Журналистер клубының» қызметі туралы баяндап, студенттерді клубқа қабылдады. Онда болашақ журналистер білім көкжиегін кеңейтіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.


Дөңгелек үстелде шешендік өнердің маманы Вера Правдина жиналғандарға шеберлік сынып өткізді. Белгілі журналист жас мамандармен дауыс ырғағын салу және сауатты, әрі әдемі сөйлеудің құпияларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің жыл көлемінде атқарған жұмыстарын ақпараттандыруда сенімді серіктестік орнатқан БАҚ өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды.


Кейін қарай