Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қаңтар, 2021

371

Өскеменде медиация саласының арқасында айырылысу алдында тұрған 80% отбасы татуласқан

Өскемен қаласының Достық үйінде күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жағдайларды шешу мақсатында білікті мамандар өз жұмысын жүзеге асырып, көптеген адамға көмек көрсетіп келеді. Олардың ішінде Марианна Дячук те бар. Ол Instagram платформасында тікелей эфирде медиация жайында кеңінен әңгімелеп, көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

- Бүгінгі таңда әрбір шығысқазақстандық медиация рәсімінің не екенін және оған кез келген уақытта жүгіне алатындығын біледі, - дейді медиатор.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ШҚО Достық үйінің сайтында «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында республикада бірінші болып медиаторлардың виртуалды кабинеті іске қосылған болатын.

2020 жылы виртуалды кабинетке 16 өтініш түсті. Оның 14 өтініші - аяқталған, 2 өтініш - шешу сатысында. Медиаторлар өз кезегінде өткен жылға 73 қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және 78 отбасылық - тұрмыстық істерді қарады. Сонымен қатар, Өскемен қаласында бірнеше татуласу орталықтары жұмыс істейді.

- Қазақстанның бұл өңірінде ұлтаралық негізде қақтығыстар жоқ. Көбінесе бізге ажырасуға дейін жеткен жас отбасылар жүгінеді. Медиация саласының арқасында айырылысу алдында тұрған 80% отбасы татуласты, - дейді кәсіби медиатор.

Кейін қарай