Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2020

368

Өскеменде өткен «Беловодье» дәстүрлі фестиваліне 20 вокалдық ұжым қатысты

Өскемен қаласы «Достық Үйі - Қоғамдық келісім» орталығында онлайн форматта орыс фольклорінің XVIII халықаралық дәстүрлі фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен орыс әнін жақсы көретін және бағалайтын адамдар қатысты.

Фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, Қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.

Айтулы шараны Қазақстандағы РФ Бас консулдығының Өскемен қаласындағы Вице-консулы Николай Тищенко алғысөзімен ашты.

- Фестивальдің жыл сайын өтетініне қуаныштымын. Бүгінгі таңда өнер ұғымы өзінің жалпы адамзаттық зор әлеуетінің арқасында әртүрлі ұлт, тіл, дін өкілдерінің арасындағы шекараны бұзып, өзара түсіністік пен бірлік кеңістігіне айнала алды,- деп түйіндеді ол.

Іс-шараның негізгі мақсаты славян мәдениетін насихаттау болып табылады.

Биыл фестивальге 20 вокалдық ұжым қатысты, олардың ішінде жас дарындар да өз өнерін ортаға салды.


Кейін қарай