Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Желтоқсан, 2020

602

Өскеменде «Толеранттылық мектептер» авторлық жобалар байқауы ұйымдастырылды

Өскемен қаласының Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жастармен байланыс орнату және авторлық жобаларды таныстыру мақсатында ZOOM онлайн-кездесуін ұйымдастырды.

Конференцияға Шығыс Қазақстан облысының ЖОО студенттері, ШҚО ҚХА еріктілері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. "Толеранттылық мектептер" кездесуінде оқушылар спикерлермен бірге еріктілер тақырыбы бойынша көптеген мәселелерді талқылай алды.

Байқау соңында командалар "Инновациялық жоба", "Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін сақтау жобасы", "Бірегейлік жобасы", "Шығармашылық жобасы" номинациялары бойынша таңдалды. Шара соңында ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Кейін қарай