Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қазан, 2020

1201

Өскеменде жастар дебаты өтті

Өскеменде Абай Құнанбаев атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері Достық үйінде дебат өткізді.


Пікірталас тақырыбы волонтерлік қызмет болды. Айта кету керек, байқау шарттары оңай болған жоқ. Пікірсайыс орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өтті.


Тартысты өткен дебатта әр командаға жеңіске лайықты болды. Әділ қазылардың шешімімен 1-орын «Пуфендуй» командасы, 2-орын «Слизерин», 3-орын «Когтевран» командаларына бұйырды.

Соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Кейін қарай