Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2021

424

Өскеменде жастар «ЭтноКвиз» турнирінде бақ сынасты

Өскемен қаласының Достық үйінде жастар арасында «ЭтноКвиз» зияткерлік турнирі өтті.

Турнирде «Еркін сөз», «Eastbound» және «Жерұйық» командалары бақ сынасты. Байқау Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар, логикалық және ойын түріндегі тапсырмалардан тұрды.


- Бұл іс-шара жастардың этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, балаларды бір командаға біріктіру мақсатында өткізілді, - деп ат ап өтті қазылар алқасының мүшесі Күлзира Нұржан.

Турнир қорытындысы бойынша «Еркін сөз» командасы 1 орынды жеңіп алса, екінші және үшінші орындарға «Eastbound», «Жерұйық» командалары жайғасты. Іс-шара соңында қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Кейін қарай