Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Маусым, 2019

1776

Өскемендіктер «Купала Солнцеворот» мерекесін атап өтті

Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының казактар қауымдастығы облыс орталығындағы Комсомол аралында «Купала Солнцеворот» атты облыстық мәдени-тарихи фестивалін өткізді.

IMG_9742.JPG

Іс-шараның ұйымдастырушылары көрермендер назарына дәстүрлі ойындар, әндер, билер мен хороводтар ұсынды.  

Өскемен қаласының этномәдени бірлестіктері мен «Каскад» ҚБ, «Злато», «Светлый путь», «Берегиня» и трайбл-группа Amaterasu сияқты шығармашылық ұжымдары көрермендер назарына мерекелік бағдарламаларын ұсынды.

faGRmcYWJqxbm1DcZQDcYuTyjWeGKdPNTJENEjB1vP54ydT8dpE477iZ3uQEGcevP6g5gGRKMcLg.jpg

Фестиваль қонағы Новосібір қаласынан келген Дмитрий Татаринцев өнер көрсетіп, көрермендердің жүрегін жаулап алды.

IMG_9610.JPG

Көптеген шеберлік сыныптар, рухани тәжірибелер мен ойындар ұйымдастырылып, өткізілді. Хороводтар мен халық музыкалық аспаптарында ойнаған әртістердің қатысумен өткен мереке кешке дейін созылып, көңілді секірулер үшін алау оты жағылды. Егер ғашықтар алауды жұбын үзбей секіріп өтсе, олар келешекте бақытты ғұмыр кешеді деген наным-сенім де жоқ емес.

Купала Солнцеворот - жазғы күн тоқырауына арналған Шығыс славяндарының халық мерекесі саналады.

IMG_9642.JPG

Кейін қарай