Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Маусым, 2021

284

«Social Assеmbly» екінші республикалық жастар форумы өтті

2019 жылы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында, 21 мамыр күні Nazarbayev University және ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысымен бірлесіп, «Social Assеmbly» екінші республикалық жастар форумы өтті.


Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, этномәдени бірлестіктердің жастары, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Nazarbayev University студенттері қатысты.

Форум аясында Nazarbayev University спикерлері, «Жаңғыру жолы» ҚХА өңірлік штабтарының көшбасшылары өздерін таныстырып, қолға алған әлеуметтік жобалары туралы түсіндіріп кетті.

Шара соңында спикерлер Nazarbayev University басшылығының Алғысхаттарымен марапатталды.

Кейін қарай