Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Наурыз, 2021

402

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде медиация кабинеті ашылды

Наурыз мерекесі қарсаңында «Медиация туралы» ҚР Заңының 10 жылдығына орай М. Қозыбаев ат. СҚУ-да медиация кабинеті ашылды. Кабинетті ашуға з.ғ.к., доцент, кәсіби медиатор Г.Н.Мұсабаева белсене қатысты.

СҚО «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті университеттің ашылған медиация кабинетімен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр, ол студенттер мен магистранттар үшін «Медиация негіздері» және «Медиация институтының қалыптасу және даму мәселелері» пәндерін оқытуға негіз болмақ, сондай-ақ магистрлік диссертациялар мен жобаларда медиация мәселесін зерттейтін магистранттарға көмек көрсетеді.

Қазақстан халқы ассамблеясының арқасында медиация институты Солтүстік Қазақстан облысында дамып келеді. Кәсіби медиатор Г.Н. Мұсабаева 200-ге жуық психологтер мен әлеуметтік педагогтерге мектеп медиациясының негіздерін, 60 адамға ЖОО медиациясының негіздерін үйретті.


Кейін қарай