Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қазан, 2022

193

Солтүстік Қазақстан облысында журналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық конкурсына қорытынды жасалды

Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы жыл сайын өткізіледі және Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі жобасы болып табылады. Жыл сайын журналистер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері этносаралық келісім мен Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігін нығайтуға, сондай-ақ этностардың мәдени құндылықтарын насихаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстарын ұсынады.


Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысы аясында Николай Вербовский, Валентина Корнева және Арыстан Оразаев дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, Журналистер клубы Республика күніне арналған «Республиканың игілігі» баспасөз турын өткізді. Республика күніне орай мақала жазуда ерекше көзге түскен баспасөз турына қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарына Валентина Корнева, Гүлбахша Мұсабаева, Владимир Холод болды.


Кейін қарай