Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қараша, 2018

1354

Студенттер әлеуметтік желілерде қазақ тілін үйренуге шақыратын креативті челленджді ұйымдастырды

Студенттер әлеуметтік желілерде қазақ тілін үйренуге шақыратын креативті челленджді қолға алды

Қазақстан бойынша өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы аясында Қостанайда әлеуметтік желілерде қазақ тілін үйретуге және насихаттауға бағытталған челлендж бастау алды.

Облыстық Достық үйінде мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, өз талпыныстарымен өзгелерге үлгі болатын сан түрлі ұлт өкілдерінің көшбасшыларының қатысуымен аталмыш шараның ресми түрде тұсауы кесілді.

«Аталмыш акция Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді насихаттауға және ана тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білуі, олар үшін - «әлеуметтік лифт», - дейді  Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» Жастар қанатының төрағасы Руслан Мурзагалиев.

Кездесу аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері Кирилл Пономарев пен Оксана Терентьева сөз сөйледі. Олар – мемлекеттік тілді жетік меңгерген түрлі байқаулар мен тілдік олимпиадалардың жеңімпаздары.

2016 жылға дейін «Тілдарын» жастар клубына басшылық етіп, еңбегінің нәтижесінде Қостанай облысынан тыс аймақтарға да танымал бола бастаған  Наталья Шпагина жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Қазіргі уақытта Шпагина Наталья балаларға арналған білім беру студиясына жетекшілік етеді.

«Мемлекеттік тілді білу – отансүйгіштіктің жарқын көрінісі. Тілдерді білу арқылы біз халықты бір арнаға тоғыстыра аламыз. Тілдерді білу – даму, ұмтылыс, жаңа белестерге жол ашу», - дейді Наталья.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жақып Қалқаман Хасенұлы:

«Қоғам үшін ұлтаралық және конфессияаралық келісім өте маңызды. Бұл ретте Қазақстанның тәжірибесі көптеген елдерге үлгі бола алады, себебі тәуелсіздік жылдары республикамызда ұлттық немесе діни келіспеушіліктерге қатысты бірде-бір дау-дамай туындаған емес.

Бүгінде сан түрлі ұлт өкілдерінің өз мемлекеттік тілдерін меңгеруі, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұстануы үшін барлық жағдай жасалған. Біздің облыстық Достық үйінде тілдерді меңгеруге арналған жексенбілік мектептер тегін жұмыс жасайды. Украин, кәріс, неміс, түрік, армян және поляк тілдерін үйренем деушілерге есік ашық», - деп өскелең ұрпаққа өнегесін жеткізді.

Кейін қарай