Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Наурыз, 2022

372

Сыр елінде ҚХА мен Азаматтық альянс арасында әріптестік нығаймақ

Қызылорда қаласының Достық үйінде Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева этномәдени бірлестіктің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ассамблея және Азаматтық Альянс арасындағы әріптестік туралы ұсыныстар айтылды.

Кездесуге Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Каюпов, өзге өңірлердегі Азаматтық Альянсының өкілдері қатысты.


Сөз басында Бану Нұрғазиева елдегі тұтастықтың, бірліктің маңыздылығына тоқтала отырып, Ассамблея мен Азаматтық Альянс арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлесіп жоба жасауды ұсынды.

Өз кезегінде Сыр өңіріндегі этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен өкілдері екі ұйым арасындағы байланысты тұрақтандырып, дамытуға барынша атсалысатындығын және қолдауға әзір екендігін жеткізді.

Кейін қарай