Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Маусым, 2021

251

Сыр өңірінде журналистерге құрмет көрсетілді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков бастаған топ журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері редакция ұжымдарына барып, мерекелік себет пен арнайы құттықтау хат табыстады.


Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан Сыр тілшілерінің еңбектері қашанда орасан зор. Сан салада болып жатқан оң өзгерістер жайлы сөз қозғап, соның ішінде өңіріміздегі этносаралық татулық пен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға, қоғамдық келісім құндылықтарын ақпараттандыруға қосқан елеулі үлестері ерекше.

БАҚ өкілдері, әсіресе этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға, өз кәсіптеріне деген адалдықтары мен маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге атсалысып келеді.


Кейін қарай