Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Сәуір, 2020

1176

Түркі әдебиеті онлайн форматта оқырманға жол тартты

Халықаралық Түркі академиясы өз ресми веб сайтында онлайн режимде кітап оқуды ұсынады.

Бұл туралы twesco.org/kitap сайтында жарияланды. Оқырман халық академияның ресми веб-сайтындағы «Кітаптар» http://twesco.org/kitap бөлімінде жүзден астам түркі әлемінің жауһарларымен таныса алады.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қолжетімді кітаптардың қатарын толықтыра түсуді көздеп отыр. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзербайжан, қырғыз, түркімен, өзбек, татар, башқұрт, мажар, ағылшын, орыс, моңғол, тб көптеген тілдерде жарық көрген.

Сонымен қатар сайттың «Журналдар» бөлімінде Академия шығаратын ғылыми, танымдық журналдар мен «Turkic Weekly» апталық э-бюллетенінің барлық сандары орналастырылған.

Кейін қарай