Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қаңтар, 2022

486

Түркістан облыстық ҚХА жанынжағы Ғылыми-сарапшылық топтың отырысы өтті

Алқалы басқосуға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, мекеменің бөлім басшылары және Ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері қатысты.

Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың төрағасы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, PhD доктор Қайнар Қалдыбай ашып, жүргізіп отырды.


Отырыс барысында «Этнос өкілдерінің қатысуымен орын алған шиеленістерді зерттей отырып, олардың алдын алу алгоритмін дайындау» туралы этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, ҒСТ мүшесі Хамит Исақов және «Түркістан облысындағы этносаралық қатынастар саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының тұжырымдамасы» тақырыбында ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ төрағасы Қайнар Қалдыбай баяндама жасап, этносаралық қатынастарды жақсарту бағытындағы ойларын жеткізді.

Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-жобаларын ортаға салды. Бұл ретте Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері маңызды жобалар мен кездесулердің әлеуетін өңірдегі этносаралық тұрақтылықты нығайтуда қолдану жолдарын талқылап, алдағы уақытта атқарылуы қажет іс-шаралар жоспарын пысықтады.

Жиынды қорытындылаған Қайнар Қалдыбай өңірдегі этносаралық татулықты, бірлікті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Кейін қарай