Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қаңтар, 2021

593

Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі сайланды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-талдау органы болып табылады. Топтың негізгі міндеті - еліміздегі этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін сараптау, аталған процестің дамуына болжам жасау. Осы мақсатта Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың отырысы өтті. Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар дамыту бөлімінің бас маманы Тимур Оралбеков ашып, күнтәртібінде тұрған бірқатар мәселелермен таныстырды.

Күнтәртібіне сәйкес, ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшілігіне Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Қалдыбай Қайнар сайланды. Топ құрамы жасақталып, отырыс аясында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і, этносаралық қатынастар саласының мониторингі, талдау және ғылыми зерттеулер бөлімінің басшысы Исақов Хамит баяндама жасап, топтың жұмысы мен міндетін жүйелеп түсіндіріп берді.

Қоғамдық-саяси және этноконфессиялық мониторингтің және ұлттық, діни негіздегі қақтығыстарды ерте алдын алудың өңірлік жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздері мен құрылымын әзірлеу аясында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қалдыбай Қайнар өз сөзінде жан-жақты мысалдармен жеткізді. Сонымен бірге, «Болашақ» колледжінің директоры Түркістан облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Бегалиев Бақдәулет Байсеитұлы сөз алып, Түркістан облысындағы ҚХА-ның негізгі қызметі мен міндетін бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде насихаттауда белсенділік танытуға шақырды.

Мәжіліс барысында топтың 2021 жылға арналған жоспары талқыланып, бекітілді. Сонымен қатар, топ құрамы мүшелерімен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, мәжіліс қорытындыланды.

Кейін қарай