Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қыркүйек, 2022

2354

Түркістан облысы мақтаарал ауданында тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының активімен кездесу

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының актив отырысы өтті. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылады.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, өңірлік тәжік этномәдени бірлестіктерінің басшылары және Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш ауданының ақсақалдары, белсенді азаматтары, мецинаттары қатысты.


Шараны Марат Әзілханов бастады. Өз сөзінде ол Жолдаудағы әділдік, бірлік қағидаттарына тоқталып, Президент жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының ресми ашылды. Орталықтың төрағасы болып Акбаржан Исмаилов тағайындалды. Аз уақыттың ішінде көлемді шаралар атқарылды. Президент Жолдауда «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы» деді. Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының негізгі мессиясы да осыған негізделген. Жиынды Түркістан облысында өткізудің де өзіндік себебі бар. Тәжіктердің басым бөлігі осында қоныстанған. Әділетті Қазақстан құру жолында бірлесе еңбек етуге шақырамын, - деді Марат Алмасұлы.


Ата-бабаларымыз жаңа белеске қадам басар шақта бас қосып, кеңес құрған. Сол игі дәстүрді Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы жалғастырды. Құрылғанына көп болмаған орталық Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына ақыл айтар абыздардан бастап, көпке үлгі болып жүрген жастардың басын қосты. «Қазақ еліне мың алғыс!» ұранымен өткен шарада орталықтың жұмысын ілгеретудің, Жолдауда міндеттелген тапсырмаларды жүзеге асырудың жолдары талқыланды.


– Орталықты құрудағы мақсатымыз – бірлікті бекемдеу. Оңтүстік өңірде бәрінің басын қосып, достық дастарханын жаямыз. Абыздарымыздың батасын алып, ақылын тыңдау үшін. Орталық жанынан жастар бірлестіктерін құрдық. Жастар форумынан өткізгелі отырмыз. Оған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Жұмырбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Р.Абишева, «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жастар қанатының торағасы Б.Хидировты арнайы шақырдық. Олар жастарға мотивациялық кеңестерін айтып, озық ойлы, бәсекеге қабілетті болуы үшін жастардың сапалы білім алуы маңыздылығына тоқталады деген сенімдеміз. Оқушылар арасында футболдан турнир өткізіп, қайырымдылық акцияларын жоспарлап отырмыз, - Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов.

Бүгінде орталық өңірлерде 11 филиалын ашты. Аға буынмен жастарды сабақтастыру мақсатында «Жастар қозғалысы», «Ақсақалдар кеңесі» құрылды. Қызды қырық үйден тыйып, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін «Аналар кеңесін» құратын болады. Жақын күндері Ақмола мен Қарағанды облысында тағы екі филлиалы өз жұмысын бастайды.

Кейін қарай