Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Ақпан, 2022

380

Түркістанда Алғыс айту күніне орай құрылысшыларға түскі ас берілді

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен шаһардағы құрылыс нысандарында қызу еңбек етіп жатқан жұмысшыларға түскі ас үлестірілді.

Ізгі шараны ұйымдастырушылар алдымен Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан «Дарын» мектеп-интернатының құрылыс нысанына барып, жұмысшыларға жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Өз кезегінде құрылыс орнындағы бөлімше басшысының көмекшісі Марат Жахаев Алғыс айту күні мерекесі тұрғындарды бірлікке, татулыққа үндейтінін тілге тиек етіп, осындай игі іске қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын айтты. Оның айтуынша, құрылыс алаңында мектеп-интернаттың 700 оқушыға арналған ғимараты мен 500 орындық жатақханасы қызу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған. Білім ордасы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінгі ізгі шара барысында жалпы 120-дан аса құрылысшыға түскі ас үлестірілді.

Аталған қайырымдылық шарасына атсалысып, азаматтық танытқан Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бегзад Хабибов барша жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген лебізін жеткізді.

Кейін қарай