Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Ақпан, 2021

519

Түркістанда Аналар кеңесінің отырысы өтті

Түркістан облысының ҚХА-ның жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысында маңызды мәселелер талқыланды. Облыстың аудан, қалаларынан келген кеңес мүшелері өздерінде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.

Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дилдора Хабибова этносаралық татулық пен ынтымақтың құндылығына баса мән берді. Ал Түркістан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбарам Малбаева жасөспірімдер тәрбиесін тілге тиек ете отырып, әлеуметтік желілердегі теріс ағымдардың ел бірлігіне кері әсер ететініне тоқталды.

Түркістан облыстық ҚХА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболқызы елді әбігерге салған пандемия кезінде ел тұтастығын, бірлігін сақтауда аянбай жұмыс істеген әріптестеріне алғыс айта отырып, Аналар кеңесінің 2021 жылғы жоспарымен таныстырды. Өскелен ұрпақты тәрбиелеуші ақ жаулықты аналарымыз алдағы уақытта кеңес мүшелерінің ықпалымен жүзеге асырылатын жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласты.


Кейін қарай