Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Желтоқсан, 2021

35

Түркістанда этнос жастары арасында шығарма жазудан өткен байқаудың қорытындысы шықты

Түркістан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1-желтоқсан – ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздіктің тарих төріндегі тұғыры» атты іс-шара өтті.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, облыстық этномәдени бірлестіктер жастары, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылығы, Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев модераторлық етті.


Салтанатты шарада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, PhD докторы Қ.Қалдыбай «Елбасы жолы» тақырыбында баяндама жасап, еліміздің жетістіктері тұғырлы тәуелсіздігіміз бен Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының кеңесшісі Д.Ақсақалов «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Тәуелсіздік құрдасы Д.Хилкеева «Еліммен бірге есейдім» тақырыбында баяндама жасап, жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі екендігін тілге тиек етті.

Басқосу барысында жиынға қатысушылар Тәуелсіздіктің кешегісі мен бүгінін ұлықтап, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

Шара аясында этнос жастары арасында шығарма жазудан ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары анықталып, қатысушылар арнайы Дипломдармен марапатталды. Бұл ретте, әділқазылар шешімімен түлкібастық Аслан Пашат 1-орынға лайық деп танылды. Ал 2-орынды төлебилік Шадияна Мураталиева, 3-орынды кентаулық Нигора Саидова иеленді. Байқауға қатысушы өзге мектеп оқушылары арнайы ынталандыру Дипломдарына ие болды.

Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтаған іс-шарада жиналған қауым ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұсынысымен дайындалған «Елбасы жолы» фильмін тамашалады.


Кейін қарай