Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2021

184

Түркістанда этнос жастары тарихи-экологиялық экспедицияға қатысты

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» тақырыбында этнос жастарына Түркістан облысының киелі жерлерімен таныстыру мақсатында тарихи-экологиялық экспедициясы өтті.

Аталған экспедицияға Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і басшылығы мен қызметкерлері және Түркістан облыстық этномәдени бірлестік төрағаларымен мүшелері жастар қанаттарының мүшелері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның Түркістан облыстық штабының жетекшісі мен мүшелері, еріктілер, Түркістан облыстық Жастар Ресурстық орталығының жастары және ҚХА жанындағы медиация кабинетінің кәсіби медиаторлары қатысты.


Саяхат Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастау алып, Бәйдібек ауданында орналасқан Ақмешіт үңгірінде жалғасын тапты, сонымен қатар, экскурсияға шыққан жастар Домалақ ана кесенесіне де тәу етті. Әрі қарай саяхатты Отырар ауданына барып Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық Отырар мұражайы, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі Отырар қалашығы және Арыстан баб бабамыздың кесенелерінде жалғастырды.


Экспедицияның басты мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына сәйкес «Қазақтану» жобасы аясында Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасын қолдау, сақтау және насихаттауды жүзеге асыру.

Іс-шара барысында жастарымыз киелі орындарға деген құрметтерін білдіріп, сенбілік ұйымдастырып кесене маңайларын қоқыс қалдықтарынан тазартты.

Кейін қарай