Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Ақпан, 2021

833

Түркістанда ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының 2021 жылғы алғашқы отырысы болып өтті.

Отырысты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Даурен Сариев жүргізіді. Шарада Түркістан облыстық ҚХА-ы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының 2020 жылы атқарған жұмыстары жайында бұған дейін клуб жетекшісі болған облыстық «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев баяндама жасады.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиоларының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек Алишер Сатвалдиевтің ұсынысымен және клуб мүшелерінің қолдауымен клуб төрағасы болып сайланды. Ерсұлтан Әмірбек клубтың 2021 жылға арналған жоспары мен алдағы атқарылар келелі істер жөнінде хабарлама жасады.

Клуб мүшелері қоғам тұрақтылығын нығайту бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстарды белгілеп, жүзеге асыруға уағдаласты.


Кейін қарай