Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2021

493

Түркістанда мереке қарсаңында Аналар кеңесінің отырысы өтті

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Ана – өмірдің шуағы!» тақырыбында өткен мерекелік іс-шараны облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова жүргізді.

Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының м.а. М.Камеденова, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э.Жанғазиева, облыстық этномәдени бірлестіктері жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Басқосуда «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Ұласбекқызы барлық әйелдер қауымын келе жатқан аналар мейрамымен құттықтады.

Іс-шара соңында, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының м.а. М.Камеденова да отбасылық құндылықтар аясында сөз қозғап, Аналар кеңесінің белсенді мүшелерін мерекелік күннің құрметіне орай, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Жүнісовтың алғысхатымен марапаттады.

Кейін қарай