Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2021

332

Түркістанда «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараға өңірдегі түрлі этнос өкілдері мен Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері қатысты.

Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімі басшысының м.а. Мадина Камеденова модераторлық етті.

Жиында «Менің елім – Мәңгілік ел» тақырыбында баяндама жасаған Түркістан қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Пернетай Досыбеков мәңгілік ел идеясы халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Фарит Аюпов пен Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Бегзат Хабибов этносаралық татулық пен бірлікті сақтаудың маңыздылығы жайында айтып, Жолдауда айтылған мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз екенін атап өтті.

Жиынды қорытындылаған Мадина Қалесқызы дөңгелек үстел отырысына қатысып, өзіндік ойлары мен ұсыныс-пікірлерін айтқан қонақтарға шынайы алғысын айтты.

Кейін қарай