Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2021

25680

Түркістанда өткен жиында этникалық мәселелерді жария ету мәселесі сөз болды

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылары мен Түркістан облысы ҚХА жанындағы «Журналистер мен блогерлер клубы» мүшелері бас қосты.

Жиынды клуб төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізді. «Ортақ Отанымыз – Қазақстан» атты дөңгелек үстелде журналист Бекжігіт Сердәлі «Этникалық мәселелерді жария ету этикасы» тақырыбында баяндама жасады.

- Этностар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады. Осының барлығы ҚР заңдарымен және этикалық нормаларымен заңдастырылады, - деп атап өтті ол.

Жиында этникалық келісім бұл адамның өнегелік тәрбиелігінің, жоғары мәдениеттілігінің, барлық ұлттардың ортақ мүдделері деңгейлерінің көрсеткіші екені аталып өтті.


Кейін қарай