Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2021

220

Түркістанда Жолдауды насихаттауға арналған онлайн жиын болды

Түркістан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған басым бағыттар мен міндеттерді насихаттауға арналған ZOOM форматында онлайн жиын өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні аясында өткен жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Д.Сариев ашып, жүргізіп отырды.

Сөз барысында Жолдауда айтылған бірқатар басым бағыттарды айтып өткен Даурен Нұрланұлы: «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына жолдаған Жолдауы болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Зайырлы мемлекетіміздің мақтанышпен атап өтетін ерекшелігі-елімізде этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі. Президентіміз бұл жөнінде этносаралық қатынастардың қаншалықты маңызды екенін әбір азамат түсінуі керек екенін атап өтті. Қазақстан халқының біртұтастығы мен достығын, бірегейлігін нығайтуда Қазақстан Халқы Ассамблеясының да үлесі зор деп білемін»,-дей келе жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері болса тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Жиында Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Шамырза Мадалиев мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Марина Лимаренко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шокир Бабаев пен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Тұрғанбай Абдрасиловтар Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері мен алдағы уақытта елімізде атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы жайында айта келе, ортақ шаңырақ – Қазақстанды өркендетуге үлес қосу баршамыздың азаматтық борышымыз екенін сөз етті.


Кейін қарай