Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2022

343

«Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты музыкалық кеш

2022 жылы 5 желтоқсанда Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы республикалық Достық үйі мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — студент жастардың бойында ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін - қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтары мен құндылық бағдарларын саналы түрде қабылдау, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.


Іс-шараға «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы республикалық Достық үйі директоры Н.Алтекова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия» кафедрасының профессоры Т.Ғабитов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Алимжанова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті Б.Божбанбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия» кафедрасының оқытушысы Ж.Казиева, Алматы қаласы бойынша «Ассамблея Жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігі төрағасының орынбасары А.Салтыганова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Музыкалық өнер» факультеті («Халық аспаптары», «Халық әні» мамандықтары бойынша) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті студенттері қатысты.

Жиын барысында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері өз өнерлерімен тамсандырып, ұлттық өнердің қазыналы туындыларын орындады.


Кейін қарай