Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Желтоқсан, 2020

14642

ҚХОА ғылыми-сараптамалық тобына жаңа төраға тағайындалды

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының қорытынды отырысының аясында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы болып сайланды.

Отырыс барысында 2020 жыл қорытындыланып, Қостанай аумағындағы этносаралық қатынастар саласындағы мәселелер қарастырылып, Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды.

Іс-шара соңына қарай ғылыми-сараптамалық топ мүшелері 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды айқындады.

Кейін қарай