26 Ақпан, 2017
986
Талдықорған қаласында «Масленица» мерекесі өтті
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында күні Талдықорған қаласында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» алаңында «Масленица!» мейрамы өтті. Шараны Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен облыстық орыс орталығы ұйымдастырды.
Мерекенің салтанатты бөлімінде облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы, облыстық орыс орталығының төрағасы Бузыкин Александар Александрович қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, тілектерін білдірді. Сонымен қатар мерекеге Алматы облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев қатысты.
Масленица - көптен күткен көктемді қарсы алу мерекесі. Оның ажырамас бөлігі дөңгелек және қызғылт күнге ұқсас – құймақ - жақсылық нышанын білдіреді. Бұл күні үй шаруасындағы әйелдер бір-бірінің үйлеріне барып, құймақ пісіріп, мерекемен құтықтайды. Сондай-ақ, жұртшылық бір-бірінен кешірім сұрап татуласқан.
Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алуға арналған айтулы мейрамды қала тұрғындары жыл сайын көтеріңкі көңіл-күймен атап өтеді.
Биыл да 5000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтарына құймақ ұсынылып, қысты шығарып салуға арналған театрландырылған көріністер қойылды. Ұлттық ойындар (тоғыз құмалақ, шахмат т.б), байқаулар, спорттық бәсекелер (арқан тарту, гір көтеру, қол күрес т.б) ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, ән-думанмен өткен мерекеде әншілер мен бишілер жиналған қауымның ықыласына бөленді.
Дәстүрлі мереке қыстық тұлыпты өртеумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті