Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Тамыз, 2020

653

Талдықорған: ҚХА мүшелері дәрігерлерге 1000 литр саумал таратты

Алматы облысында өткен «Мың алғыс» жалпыреспубликалық акциясы аясында облыстың барлық аудан, қалаларында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, еріктілер коронавирус инфекциясымен күреске жұмыла атсалысты.

Акция барысында аудан, қалалық ауруханалардың провизорлық бөлімдерінде емделіп жатқан науқастарға 10050 литр саумал, 210 мың теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды, 150 медицина қызметкерін үш уақыт тегін ыстық тамақпен және 64 дәрігерді азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етті. Ауруханаларға 23 оттегі концентратын, 15 пульксометр, 10 дана тыныс алу аппаратын, емделушілерге арналған 19 төсек, 30 дана төсек жабдықтары және 2 кір жуғыш машина сыйланды. ҚХА еріктілері ауруханаға келген кісілерге жол көрсету, емделуші азаматтарға келген заттарды қабылдап алу, өткізу сияқты түрлі жұмыстар атқарды. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктерінің ұйымдастыруымен, облыстық ауруханаларға, жұқпалы аурулар емханасына, онкологиялық диспансерге, әскери госпитальға, қалалық көпсалалы ауруханадағы індетке шалдыққан жандарды емдеп жатқан дәрігерлерге 300 келі сиыр және 30 келі қой етін жеткізді.

Игілікті шараны қолдаған Алакөл ауданы – 127, Балқаш ауданы – 22, Кербұлақ ауданы – 10, Талдықорған – 50, Текелі қаласы – 30 медицина қызметкерлеріне азық-түлік себеттерін таратты.


Кейін қарай