Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2020

752

Талдықорған: Онлайн-конференцияға қатысушылар ҚХА-ның 25 жылдағы жетістіктерін талқылады

Талдықорғанда облыстық Ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың «Татулық пен бірлікке бөленген 25 жыл» тақырыбында онлайн режимдегі ғылыми конференциясы өтті.

Оған қатысушылар этносаралық тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөлге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық тарихына шолу жасап, Ассамблея мүшелері, ғалымдардың ғылыми-тұжырымдамалық зерттеулері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің этносаралық қатынастар жайлы ғылыми материалдары арқылы жас ғалымдардың қызығушылығын арттыру мәселесі сөз болды.


Онлайн-конференция барысында ҚХА мүшелері сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Назгүл Байғабатова ғылыми–зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.

Конференция соңында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев онлайн конференцияға қатысушыларды келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі мерекесімен құттықтап, мемлекет игілігіне атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.

Кейін қарай