Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Шілде, 2021

331

Талдықорғанда Ақсақалдар кеңесі жексенбілік мектепті жандандыру жұмыстарын талқылады

Алматы облысының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Туган тел» татар этномәдени орталығы бірлестігінің Ақсақалдар кеңесі өкілдерімен бейресми жағдайда кездесу өткізді.

Ақсақалдар кеңесі орталығының мақсаты жас ұрпаққа патриоттық және адамгершілік тәрбие беру болып табылады. Бүгінгі жиын барысында орталық қарттары жастарды діни салт-дәстүрлерді сақтауға үйретудің маңыздығы туралы талқылады. Сондай-ақ, пандемияға байланысты тоқтатылған жексенбілік мектепті қайта жандандыру жұмыстары жоспарланды.

«Туган тел» этномәдени орталығы ағымдағы жылы татар тағамдарын дайындауды оқыту бойынша үйірме өткізуді жоспарлап отыр.

Кейін қарай