Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2020

609

Талдықорғанда қала күніне орай үздік татар тәттісі анықталды

«Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ қолдауымен Талдықорған қаласы күні аясында үздік чак-чак байқауының финалдық кезеңі өтті. Іс-шараны «Туған тел» облыстық татар мәдени орталығы, «FortunaFood» ЖШС, «Руна» ЖК ұйымдастырды.


Байқау «Ерекше безендіру», «Қызықты рецептура» және «Қала күніне арналған Чак-чак» деген үш номинация бойынша өтті. Конкурсқа барлығы 17 өтінім келіп түскенімен, оның жетеуі ғана іріктеу турына жолдама алды. Аталған іс-шараға қазақ, татар, орыс, өзбек, шешен және украин этнос өкілдері қатысты.


Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде мен «Руна» ЖК-тен 50 000 теңге сертификатты Яушева Каусария жеңіп алса, бірінші орын мен 20 000 теңгенің сертификаты Самабекова Маралға бұйырды.

Байқау соңында қонақтарға чак-чак пен басқа да татар тәттілері ұсынылды

Кейін қарай