Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қазан, 2020

710

Талдықорғанда қарттар күні аясында форум ұйымдастырылды

Халықаралық қарттар күні аясында Талдықорған қаласының Достық үйінде «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ және «Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті.

Халықаралық қарттар күні - аға ұрпақ үшін ерекше күн. Мереке БҰҰ бастамасымен 1990 жылдың желтоқсанынан бастап тойланып келеді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері, ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының жастар үшін орны бөлек. Себебі, олардың әрқайсысының облысымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері зор.


Іс-шараның басты мақсаты – қарттарымызға құрмет көрсету, олардың мемлекеттің даму жолында қосқан үлесін, жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.

Салтанатты шараға ЭМБ-дің ақсақалдар кеңесінен, басқа да салада қызмет еткен аға буын өкілдерінен барлығы 30 адам қатысты.


Талай жасты тәрбиелеп, бүгінгі таңда еңбектерінің зейнетін көріп отырған ұлағатты қарттарға облыстық Ассамблея мен «Достық үй – Қоғамдық келісім орталығы» қайырымдылық дастархан жайып, мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.

Қарттарға арнап, Достық үйінің ұжымы мен этномәдени бірлестіктер мерекелік концерт ұйымдастырды. Соңында қарттарға сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай