Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2020

7834

Талдықорғанда «Birgemiz Bilim» жобасы қорытындыланды

Талдықорғанда «ДОС.kz» әлеуметтік еріктілер орталығы «Алматы облысының ауылдық жерлеріндегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындық кезінде ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа үйретуге еріктілік көмек көрсететін «Birgemiz Bilim» жобасы бойынша қорытынды конференция өтіп, нәтижелері айтылды.

Алматы облысының ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. 1 және 2 орындарға 8 смартфон, 6 жиынтық: рюкзак және құлаққап тапсырылды.


«Үздік еріктілер» байқауының жеңімпаздары - 10 үздік ерікті 50 000 теңгеге, үздік білім беру жобасы байқауының 3 жеңімпазы 120 000 теңгеге және үздік командалық нәтиже байқауының жеңімпаздары атанған 3 командаға 120 000 теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Жоба аясында 1000-нан астам оқушыларға сауалнама жүргізілді.

«ANTIKOR.INFO.KIDS» балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық сауаттылық мектебі жаңа жобасының тренингтеріне 554 оқушы қатысты. «DosCamp.kz» онлайн лагеріне - 405 бала, «Выйди за рамки» олимпиадасында - 138, ағылшын тілі бойынша - 71, математика бойынша - 69 бала белсенділік танытты.

Мамыр-шілде айларында ҰБТ-ға дайындық бойынша 184 оқушы қосымша сабақ алып, олардың 80% ҚР жоғары оқу орындары мен колледждеріне грантқа оқуға түсті. Оған қосымша, қыркүйек-қараша айларында 100-ге жуық оқушы ҰБТ-ға дайындық бойынша қосымша сабақ алды.

Жобаның барлық кезеңінде шамамен 200 бала ағылшын тілін оқыды. Жобаға Алматы облысындағы ауыл мектептерінен жалпы 3000-нан астам орта мектеп оқушылары қатысты.

Жобаға мектеп бағдарламасы бойынша - 93 волонтер, 7 pro bono еріктілері белсене атсалысты.

Кейін қарай