Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Шілде, 2021

218

Талдықорғанда этномәдени бірлестіктердің төрағалары бас қосты

Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары бас қосты.

Бас қосудың мақсаты – этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, Қазақстанда тұратын этностар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, өткізілетін іс-шараларды тиімді жоспарлау.

Семинардың модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Жандос Байқамитов болды.

Рухани жаңғыру аясында қоғамды ұйыстырушы жалпыұлттық тарихи сананы ілгерілету және ұлтты біріктіретін құндылықтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде өткізілетін жобалар мен іс-шаралар жоспарларын іске асыру, бірінші жартыжылдықтағы этномәдени бірлестіктердің қызметі қаралды, сондай-ақ түрлі мәселелер мен ұсыныстар көтерілді.


Кейін қарай