Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қаңтар, 2021

400

Талдықорғанда этносаралық дауларды шешуге бағытталған республикалық семинар ұйымдастырылды

Талдықорғанда ZOOM платформасында онлайн режимінде кәсіби тренер-медиаторлар Г.Урозбаева мен М.Адаевтың қатысуымен «этносаралық дауларды/қақтығыстарды шешу және алдын алу кезіндегі медиация» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг өтті.


Оған Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстың аудандары мен қалаларының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" РММ-нің Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің медиация кабинеті ұйымдастырды.

Семинар аясында қақтығыстардың себептері, қарама-қарсы құндылықтары бар адамдар арасындағы дауларға әкелетін қақтығыстарды шешу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, қақтығыстардың пайда болуының объективті факторларын, өмір сүру процесінде адамдардың табиғи қақтығысы, қарама-қайшылықтарды шешудің нормативтік процедураларының нашар дамуы мен қолданылуы, материалдық тәртіпсіздік пен түбегейлі, ауқымды өзгерістерге байланысты өмір салты және басқаларға ерекше назар аударылды.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға электрондық форматта сертификаттар берілді.

Кейін қарай