Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2021

2787

Талдықорғанда «Jer Jannaty Jetisy» байқауының жеңіпаздары марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Алматы облысы ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен әр этнос өкілдерінің белсенді жастарын қолдауға арналған облыстық «Jer Jannaty Jetisy» жобалар байқауының кезекті жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Аймағымыздан 30-ға жуық жас кәсіпкер жобаларын ұсынып, нарықта өзекті болар идея ұсынған 10 кәсіпкер жеңімпаз атанды. Сонымен, Қамысқала ауылынан Абай Қуаныш, Ынталы ауылынан Алтынбек Қарлығаш, КазЦИК ауылынан Әлғожа Әліби, Лепсинск ауылынан Аитова Фарида, Бақтыбай ауылынан Жолдыбай Ельдар, Өтенай ауылынан Қанапия Шұғыла, Бақтыбай ауылынан Досанов Қуат, Достық ауылынан Мұхамадиева Айдана, Теректі ауылынан Мезамитдинова Алия, Қарабөгет ауылының тұрғыны Толеуханова Дамира 600 мың теңгенің бақытты иегерлері атанды.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы жоба байқауының жеңімпаздарын құттықтап, қуаныштарын бөлісті. Ол жобаны іске асырудың жоғары әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, жеңімпаздарға одан әрі іске асыруда табыс тіледі.

Кейін қарай