Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2020

397

Тараз қаласында корей халқының этнос күні өтті

Тараз қаласы Достық үйінде «Жамбыл облысы «Корё» корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі этнос күнін атап өтті.

Салтанатты кешке «Жамбыл облысы «Корё» корейлер қауымдастығы» ҚБ-нің төрағасы Кан Анатолий, «Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы орынбасары Пак Анатолий және кәріс этносының өкілдері мен жастары қатысты.


Жамбыл облыстық «Ноиндан» ақсақалдар алқасының мүшесі Пак Анатолий:

- 1945 жылға дейін корейлер жапон колониясы болды. Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңіліс табуы, жапон билігіне нүкте қойды. АҚШ пен КСРО елді бөліп билеу жайында келісімшарт жасалды. Осылайша, 1948 жылы солтүстікте КХДР, оңтүстікте Корея Республикасы құрылды. Ал 1928 жылдың аяғына қарай қазақ жерінде күріш өсіруді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Бұл үшін Қиыр Шығыс өлкесінің корейлерін тарту шешіледі. Қызылордаға Чосоннан 70 отбасы қоныс аударды. Бұл бастама өз жемісін беріп, 1931 жылға қарай Қазақстан КСРО-ның күрішті ең көп егетін өлкесіне айналды. Осылайша қазаққа бауырлас ел болып кеткен корейлер көптеген қиындықтарды бірге көріп, көтере білді»- деп, Кеңес үкіметі кезіндегі этносаралық қатынастар туралы тарихи деректерді егжей-тегжейлі баяндап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар және белсенді жастар облыстық ассамблея жұмыстарына белсене атсалысқандары үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Жамбыл облысының «Корё» корейлер қауымдастығының жетекшісі Кан Анатолий қонақтарға алғысын білдіріп, осы жылы бірлескен күш-жігерлерінің арқасында көптеген мақсаттарға қол жеткізгендігін ерекше атап өтті.


Кейін қарай