Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2021

1257

Тараз қаласының Достық үйіне жаңа басшы тағайындалды

Парида Мамедова Жамбыл облысының Достық үйіне басшы болып тағайындалды.

Президент әкімшілігінің тапсырмасы негізінде, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бұйрығымен және Жамбыл облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың шешімімен Парида Иманжанқызы Мамедова Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы қызметіне келді.

Жаңа басшыны Достық үйінде өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев таныстырды.

Парида Мамедова - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Кейін қарай