Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қыркүйек, 2021

446

Таразда «Antikor» орталығының қызметкерлері ЭМБ өкілдерімен кездесті

Тараз қалалық «Antikor» қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Қатысушыларға парасаттылық – ашық, әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кесел «парақорлықтың» алдын алу–бүгінгі күннің басты талабы екені де аталып өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталығы департаментінің «Алдын алу және парасаттылық» басқармасының бас маманы Айбек Итқараұлы Әжібаев сыбайлас жемқорлықпен күресте бірқатар халықаралық тәжірибемен бөлісіп, нақты мысалдармен баяндама жасады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы Мамедова да қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беруге өз үлесін қосты. Жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып жатқан барлық республикалық акциялардың маңыздылығын тілге дәйек етіп, аталмыш іс-шараның жастар үшін маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылуымен қоса, «Antikor» орталығы тарапынан бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Кейін қарай