Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2020

2893

Таразда «Қазақ еліне мың алғыс» монументі ашылды

Қазақ еліне мың алғыс! Дәл осындай атаумен Тараз қаласында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған монументтің ашылу салтанаты өтті. Бұл нысан - қазақ жерін мекендейтін түрлі этностардың елімізге деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысының көрінісі.

Монументтің ашылуының басты мәні - Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойын атап өту, ұлттар арасында достық пен бейбітшілікті сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезім мен өз халқының тарихына деген құрметін қалыптастыру.


Салтанатты шарада Жамбыл облысы ҚХА «Днепро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Феодор Клименко және М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Парида Мамедова сөз сөйлеп, қазақ халқына деген шынайы алғысын білдірді.


Келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түскен мерекелік жиынға Жамбыл облысы ҚХА өкілдері мен жастары қатысты.

Биіктігі 30 метрді құрайтын монументте қазақ жерінде тұратын түрлі ұлт пен ұлыстың елге деген алғысы мен ризашылығының символикалық көрінісі бейнеленген.


Кейін қарай