Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2021

284

Таразда балалар күніне орай облысқа белгілі әншілер концерт өткізді

1 маусым – балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыс әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ және «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып «Жеңіс» саябағында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.


Концертте облыстатынан түрлі ән байқауынан жүлделі орындармен оралған Іңкәр, Сезім Оңғарлар, Айбар Медетұлы, Томирис Айғанбай, Калмахан Раиша, Нурилла Мұрат, Алмат Жұматай және тағы басқа әншілер мен бишілерден құралған жас жұлдыздар өнер көрсетті.

Еске салай кетейік, Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. |


Кейін қарай