Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Наурыз, 2022

237

Таразда балалар сәулет байқауына қатысты

Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Сәулет балалар көзімен» атты балалар шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге №40 гимназияның 8-17 жас аралығындағы 34 оқушысы қатысты.


Экспозицияда 36 жұмыс ұсынылған. Олардың әртүрлі жанрда және түрлі техникада жасалған. Атап айтсақ, ұсынылған жұмыстар акварель және гуашь, линнерлер, фломастерлерді қолдану арқылы бейнеленген.

Көрмеге келушілер Максим Хегайдың «Высотка» туындысындағы мегаполистегі зәулім үйлерді тамашаласа, Анна Павлованың ертегі сарайына тәнті болды. Сондай-ақ, көптеген сурет көне шаһар Тараз қаласына арналған.

- Дәстүрлі халықтық мобильді архитектураның үлгісі ретінде қҚазақ киіз үйі де шетте қалған жоқ, көрменің басым бөлігі Тараздың сәулет өнері арналған, - дейді «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Майкович. Татьяна Вотинцеваның жетекшілігімен мектепшілік бейнелеу өнері үйірмесінің оқушылары орындаған суреттер көрменің сәніне айналды. Балалар басқа елдердің сәулет ескерткіштерін бейнелей отырып, өзге елдердің мәдениетіне қызығушылықтары мен эмоцияларын көрсетті.

Кейін қарай