Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Маусым, 2021

279

Таразда дүнген этномәдени бірлестігі концерт өткізді

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Отаным – Қазақстан» атты дүнген этномәдени бірлестігінің концерті өтті.


Концерттік бағдарлама Жүсіп Баласағұн атындағы филармонияның әншісі, "Мәдениет саласының үздігі" - Орынбаева Торғынның орындауында Е.Хасанғалиевтің ''Айналдым елім" әнімен басталды. Содан кейін Курбанов Байрам домбырамен күй шертті. Дүнген жастарының шығармашылық тобын қолдау мақсатында Орталық Азиядағы жалғыз дүнген халықтық-этнографиялық фольклорлық ансамблі, дүнген өнерінің шыңы - "Шунтян" (Весна) өнер көрсетті.


Бұдан өзге, Лидинцай Раянаның "Желсіз түнде жарық ай" әні, Сава Хакимнің «Атамекен» әні, кішкентай бүлдіршін бишілердің «Қолшатыр «биі, Дулазова Камила мен қалалық №34-орта мектебі биші қыздарының орындауында "Вади щинэ", "Фантазия" билері, Манезова Алинаның "Сен менің жүрегімдесің», "Ертегілер елінде" әндері, Мусаров Рашид пен Чива Закирдың "Думин гуннен" әні орындалды.



Кейін қарай