Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2022

490

Таразда ЭМБ өкілдері мыңға жуық адамға түскі ас берді

Жамбыл облысының үш этномәдени бірлестігі – «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы және Жамбыл облысы Қазақстан күрділері республикалық қауымдастығының «Барбанг» филиалы, Тараз қаласының Өзбек ұлттық-мәдени орталығы Алғыс айту күніне орай мол дастарқан жайды.


Алғыс айту күніне келген мыңға жуық тілек білдірушілер этномәдени бірлестіктер дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар, Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» республикалық жастар қозғалысының өкілдері мерекелік тағамдар таратты.


Қала тұрғындары этномәдени бірлестік өкілдерінің осындай қайырымдылық шарасына алғыстарын білдірді.

Кейін қарай