Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қараша, 2021

250

Таразда еврей орталығының белсенділері кездесу өткізді

Тараздағы Ш. Уәлиханов атындағы ғылыми-техникалық кітапханада Жамбыл облысындағы еврейлер орталығының белсенділері Алматы мен Шымкент қаласындағы «Центр Забота Хэсэд Полина» республикалық қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің басшылығымен кездесті.

Шара барысында еврей қауымдастығының ақсақалы, журналист Михаил Бунинге медаль табысталды. Бұған қоса, қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің директоры, Алматы қаласы «Шалом» этномәдени бірлестігі кеңесінің төрағасы Инесса Чугайнова сценарист, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, сонымен қатар, Абай мен Бейімбет Майлин атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты Морис Симашконың шығармашылығына арналған II Халықаралық оқуларға қатысуға ұсыныс тастады. Бұл іс-шара 2022 жылдың көктемінде өтеді. Сондай-ақ, ол сол жылдың күзінде өтетін XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуды ұсынды.

Кездесу барысында Инесса Чугайнова Ш. Уәлиханов атындағы ғылыми-техникалық кітапханаға кітаптар сыйға тартты.

Өз кезегінде қонақтарға сыйлық ретінде «"Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» фото-кітабы табыс етілді.

Кейін қарай